"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ өңдеуші өнеркәсіп жобаларын қаржыландырудың жаңа бағдарламасын іске қосады
Call-center +7 (7172) 79-63-63

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ өңдеуші өнеркәсіп жобаларын қаржыландырудың жаңа бағдарламасын іске қосады

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ өңдеуші өнеркәсіп жобаларын қаржыландырудың жаңа бағдарламасын іске қосады

28.11.2022

Қазақстанның Даму Банкінің еншілес ұйымы "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен шағын, орта және ірі бизнес субъектілері үшін өңдеуші өнеркәсіп жобаларын қаржыландырудың жаңа бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске қосады. 

Бағдарлама өңдеу өнеркәсібінің құрылымын одан әрі әртараптандыруға, қайта бөлудің жоғары деңгейдегі тауарларын өндіруді қолдау мен ынталандыруға, сондай-ақ ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға жәрдемдесуге бағытталған.

Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін Бағдарлама шеңберінде инвесторларға 250 млрд теңгеден астам сомаға қаржыландыру және/немесе кредит беру ұсынылатын болады. Бағдарламаның негізгі шарттары:

  • лизингтік қаржыландыру/кредиттеу мерзімі – 3 жылдан 20 жылға дейін;
  • қаржыландыру валютасы-теңге;
  • сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 7%;
  • жобаға қаржыландыру сомасы-3 млрд теңгеден және одан жоғары.

Қаржыландыру үшін жобаларды қарау барысында өтініш берушілердің жергілікті қамту жөніндегі талаптар, өз өндірісінің айналасындағы шағын және орта кәсіпорындарды дамыту және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттемелер сияқты қарсы міндеттемелері маңызды мәнге ие болады.

Бағдарламаны іске асыру өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының негізгі қаражатын жаңартуға мүмкіндік береді, шамамен 10 000 жұмыс орнын құрады және сақтайды.

Бағдарлама бойынша және қаржыландыру алуға өтінімдер жасау мәселелері бойынша толық ақпаратты " Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ-нан +7 (7172) 79-63-63 (Call-center) телефоны арқылы алуға болады.