«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ «Инватакси» қызметін қолдады
Call-center +7 (7172) 79-63-63

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ «Инватакси» қызметін қолдады

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ «Инватакси» қызметін қолдады

10.04.2024

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қолдауымен мүмкіндігі шектеулі адамдарды тасымалдау үшін 14 автомобиль «Мүгедектік технологиясын зерттеудің инновациялық ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС берілді.

Аталған автомобильдер Астана қаласы бойынша жүреді және «Инватакси» қызметін көрсетеді. Ай сайын «Инватакси» қызметін мыңнан астам адам пайдаланады, ал автомобильдерге сұраныс өте жоғары.

Қорды қаржыландыру бағдарламасы бойынша сатып алынған JAC үлгісіндегі мамандандырылған автомобильдер ықшам габариттермен сипатталады, мүгедектер арбаларын тасымалдау үшін бейімделген, мүмкіндіктері шектеулі жолаушылар үшін пандустар мен басқа да қолайлықтары бар.

Айта кетейік, «Инватакси» қызметін жеке көмекшісі және/немесе арбасы бар бірінші топтағы мүгедектер пайдалана алады. «Инватакси» қызметтеріне өтінімдер жоспарланған сапарға бір тәулік қалғанда қабылданады. Автокөліктер жолаушыларды тәулік бойы, соның ішінде демалыс және мереке күндері тасымалдайды.

Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды тасымалдау үшін автомобильдерді сатып алу қалада халықтың әлеуметтік осал топтары үшін көлік қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.