Әлихан Смайылов «Бәйтерек» холдингінің жаңа басшысын таныстырды
Call-center +7 (7172) 79-63-63

Әлихан Смайылов «Бәйтерек» холдингінің жаңа басшысын таныстырды

Әлихан Смайылов «Бәйтерек» холдингінің жаңа басшысын таныстырды

05.10.2023

Безымянный.png


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің ұжымына жаңа менеджер Нұрлан Байбазаровты таныстырды.
Нұрлан Байбазаров мемлекеттік қызметте де, квазимемлекеттік секторда да жауапты қызметтер атқарды. Атап айтқанда, Қаржы және ұлттық экономика министрліктерінде, «Қазақстан темір жолы» мен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компанияларында, Индустриялық даму қорында жұмыс істеген. Өткен жылдың қараша айынан бастап ол «Қазақстан Даму Банкі» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Безымянный.png

Әлихан Смайылов Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында «Бәйтерек» холдингінің қызметін трансформациялау және ауқымды цифрландыру міндетін қойғанын еске салды.
«Нәтижесінде бюрократиялық кедергілерді жою, өтініштерді қарау мерзімін қысқарту, бизнес қауымдастығының қолда бар қолдау шаралары туралы хабардар болу деңгейін арттыру қажет. Жаңа басшыға жоспарлардың орындалуын қамтамасыз ету қажет», - деді Премьер-Министр.

Сонымен қатар, ол «Бәйтерек» бәсекеге қабілетті бизнесті дамыту, азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету және республиканың азық-түлік қауіпсіздігін нығайту бойынша жұмысты күшейту қажеттігін қосты.

Безымянный.png


Соңында Премьер-Министр холдинг командасына жүктелген барлық міндеттерді шешуде табысты жұмыс тіледі.

Кәзи: https://primeminister.kz/ru/news/alikhan-smailov-predstavil-novogo-rukovoditelya-kholdinga-bayterek-25818