"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ қолдауымен Павлодар қаласының автобус паркі жаңартылды
Call-center +7 (7172) 79-63-63

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ қолдауымен Павлодар қаласының автобус паркі жаңартылды

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ қолдауымен Павлодар қаласының автобус паркі жаңартылды

04.07.2023

Безымянный.png

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ қолдауымен Павлодар қаласының автобус паркіне қала тұрғындарын қала ішіндегі маршруттар бойынша тасымалдау үшін 100 автобус табысталды. Беру нәтижесінде қаланың автобус паркі 77 % - ға жаңартылды.

Ұсынылған автобустар кондиционерлермен, автобустардың алдыңғы және артқы алаңдарындағы тұтқалармен, өрт сөндіргіштермен, бейнебақылау камераларымен, бейнежазба жүйесімен, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған механикалық пандустармен және т. б. жабдықталған.

Ыңғайлы автобустарды сатып алу автокөлік құралдарының паркін жаңа және заманауи автобустармен толықтыруға, халыққа қызмет көрсету сапасын арттыруға, ең көп жолаушылар ағыны бар қала маршруттарына қызмет көрсету аймағын кеңейтуге, сондай-ақ 140 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Ел өңірлерінде жолаушылар автобус паркін жаңарту жөніндегі бағдарлама Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму тұжырымдамасы шеңберінде іске асырылады.