Әлкенов Мұрат Асығатұлы
Call-center +7 (7172) 79-63-63
Әлкенов Мұрат Асығатұлы

ӘЛКЕНОВ МҰРАТ АСЫҒАТҰЛЫ
"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор

Қазақстан Республикасының Азаматы.
1976 жылы туған.

1998 жылы Кентукки мемлекеттік университетінде іскери әкімшілік бакалаврын бітірді. 2002 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген. 2002 жылы "Процестік инновацияларды басқару" тақырыбында диссертация қорғады. 2012 жылы "Лизингтік компанияның ауқымды инновациялық жобаларды іске асыруға қатысу нысандарын дамыту" тақырыбында экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертация қорғады.

Еңбек қызметі туралы мәліметтер:
1999-2003 жылдары – Президенттің көмекшісі-сапа қызметінің басшысы (QMS), есеп беру бюросының басшысы, бухгалтер, "Қазақстан алюминийі" АҚ (ENRC PLC еншілес компаниясы).
2003-2005 жылдары - кредиттік талдаушы, "Казкоммерцбанк" АҚ, №1 Корпоративтік қатынастар департаменті.
2005-2010 жылдары — "Қазақстан Халық Банкі" АҚ кредиттік талдау департаментінің директоры, 2007 жылдан бастап кредиттік талдау департаментінің директоры.
2010-2011 жылдары — "АТФ Банк" АҚ, ЮниКредит тобының мүшесі.
2011 жылғы сәуір - 2011 жылғы тамыз - экономика және қаржы жөніндегі Вице – президент (CFO) – Басқарма мүшесі, Транстелеком АҚ - "Қазақстан Темір Жолы Ұлттық Компаниясы" АҚ еншілес ұйымы.
2011 жылғы қыркүйек - 2011 жылғы желтоқсан - Басқарушы Директор - "БТА Банкі" АҚ Басқарма мүшесі.
2012-2014 жылдары - "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Басқарушы Директоры, Басқарма төрағасының орынбасары (2014 жылдан бастап).
2014-2015 жылдары - Атқарушы директор — Қазынашылық басшысы, Еуразиялық Топ (бұрынғы ENRC PLC, 9 елде қатысуы бар көп ұлтты компания).
2015-2018 жылдары - Еуразиялық даму банкінің атқарушы директоры.
2021 жылғы 24 мамырдан бастап "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Директорлар Кеңесі тәуелсіз директор және "Өнеркәсіпті дамыту қоры"АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
Кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитеттің және стратегиялық жоспарлау және корпоративтік даму жөніндегі комитеттің Төрағасы, сондай-ақ аудит жөніндегі комитеттің және "Өнеркәсіпті дамыту қоры"АҚ Директорлар кеңесінің тәуекелдер жөніндегі комитетінің мүшесі болып табылады.