Елібаев Марат Талғатұлы
Call-center +7 (7172) 79-63-63
Елібаев Марат Талғатұлы
ЕЛІБАЕВ МАРАТ ТАЛҒАТҰЛЫ

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы

Қазақстан Республикасының азаматы.
1984 жылғы 2 маусымда туған.

2005 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Қаржы және бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша үздік бітірген. 2004 жылы Халықаралық бизнес академиясында оқыды, мамандануы – MBA бағдарламасының басқару модулі (кәсіптік менеджер). 2008-2009 жылдары «Болашақ» халықаралық бағдарламасының шеңберінде London Business School мектебінде оқудан өтіп, қаржы магистрі дәрежесін алған (корпоративтік қаражат). Сонымен қатар, Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатының түлегі.

Еңбек қызметі туралы мәліметтер:
• Марат Елібаев кәсіби қызметін 2004 жылы Deloitte «үлкен төрттігі» компаниясында аудитор және аға аудитор болып бастап, онда металлургия, тау-кен өнеркәсібі, мұнай және газ, көлік және логистика салаларындағы, сондай-ақ мемлекеттік компаниялардағы жобаларға аудит өткізді.
• 2007 жылдан 2010 жылға дейін PricewaterhouseCoopers компаниясында Қосу және сіңіру бөлімінің менеджері лауазымында мансап жолын жалғастырды.
• 2010-2014 жылдары CITIC Kazyna Investment Fund I L.P компаниясында инвестициялық директор/вице-президент лауазымын атқарды.
• 2014 жылдан бастап Евразия, Орта Шығыс және Африка Энергетика департаментінің, Еуропалық қайта құрылымдау және даму банкінің (ЕҚДБ) бас банкирі лауазымын атқарып, онда Қазақстанда жаңғыртылған энергия көздері бойынша ЕҚДБ бағдарламасын дамытуға жауапты болды.