Гаппаров Ринат Эдуардович
Call-center +7 (7172) 79-63-63
Гаппаров Ринат Эдуардович

Ринат Эдуардович Гаппаров, 
Басқарма төрағасы

1971 жылы 18 сәуірде туған.
Азаматтығы: Қазақстан

1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

1993-1994 жылдары басқару, бақылау және есеп беру жүйесі: EUROCIS
/ European Fund for Management Development, Франция, Италия.
2005 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің экономика факультетін бітірген.

Еңбек қызметі туралы мәліметтер:
Гаппаров Ринат еңбек жолын 1995 жылы «ABN AMRO Bank Kazakhstan» ЖАҚ ЕБ-де бастады, онда тәуекел-менеджмент департаментінің бас менеджері, синдикатталған қарыздар бөлімінің бастығы, кастодиандық және тіркеу қызметтерін енгізу жөніндегі жобаның басшысы лауазымдарын атқарды. 2003 - 2007 жылдар аралығында «Қазавтотех» ЖШС («Техснаб-К» компаниялар тобы) директоры болып жұмыс істеді.
2007 жылғы шілдеден бастап 2013 жылғы қаңтар аралығында «Қазақстан- ның Даму Банкі» АҚ-да тәуекел-менеджмент департаментінің директоры, жобалау дирекциясының басшысы лауазымдарын атқарды. Жеке құрылымдарда қаржы директоры ретінде жұмыс тәжірибесі бар.

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен 2022 жылғы 4 қазанда «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма мүшесі ретіндегі өкілеттіктері ұзартылды, 2023 жылғы 13 қазанда «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма Төрағасы болып сайланды.

Қызметтің келесі бағыттарын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды:
1) Қоғамның қызметі мен дамуын стратегиялық жоспарлау, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл мәселелерін;
2) Қоғамның даму жоспарын әзірлеуді және оның орындалуын;
3) қарыз алу және міндеттемелерді басқару саясатының орындалуын, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқару процесін;
4) шетелдік сақтандыру экспорттық агенттіктерімен және қаржы институттарымен ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз етеді;
5) Қоғамның стратегиялық серіктестерімен ақпараттық өзара іс-қимылды және Қоғаммен байланыстарды;
6) Қоғамның және оның қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін; 7) Қоғамның әкімшілік-шаруашылық қызметін;
8) Қоғамда сатып алу процесін;
9) Қоғам бюджетін жоспарлау жөніндегі процесті;
10) Қоғамның Жарғысында, Жалғыз акционердің, Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімдерінде және Қоғамның ішкі актілерінде айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асырады;
11) Қоғам қызметінің мәселелері бойынша Қоғамның директорлар Кеңесінің Төрағасымен өзара іс-қимыл жасайды;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қоғамның Жарғысында көзделген жалғыз акционердің және директорлар Кеңесінің айрықша құзыретіне, сондай-ақ Қоғам Басқармасының құзыретіне жатпайтын міндеттерді орындау үшін қажетті Қоғамның қызметіне қатысты барлық басқа мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды