Ибрашева Жанар Шатырханқызы
Call-center +7 (7172) 79-63-63
Ибрашева Жанар Шатырханқызы
Жанар Шатырханқызы Ибрашева, 
Басқарма Төрағасының Орынбасары

1979 жылы 31 наурызда туған.
Азаматтығы: Қазақстан

2000 жылы «Тұран» университетін «Қаржы және несие» мамандығы бо- йынша бітірді. 2019 жылы – Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академия- сының экономика ғылымдарының магистрі.

Еңбек қызметі туралы мәліметтер:
Жанар Ибрашева Шатырханқызы еңбек жолын 2001 жылы Қызылорда облысының аудандық қазынашылық бөлімінде Республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі бас қазынашы болып бастады. 2002-2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде бас маман, үкіметтік міндеттемелер бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

2007 жылдың қазан айынан бастап Өнеркәсіпті дамыту қорында жұмыс істейді, онда Жоспарлау және корпоративтік қаржы департаментінің бас менеджері, директорының орынбасары, Жоспарлау және корпоративтік қаржы департаментінің директоры лауазымдарын атқарды.

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен 2022 жылғы 4 қазанда «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма мүшесі ретіндегі өкілеттіктері ұзартылды.

Қызметтің келесі бағыттарын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды:
1) Өнеркәсіпті дамыту қоры қызметінің қаржы мәселелері, бухгалтерлік, салықтық есепке алуды ұйымдастыру және есептілікті ұсыну, қаржылық есептілік аудиті бойынша аудиторлық ұйымдармен (сыртқы аудиторлармен) өзара іс-қимыл мәселелері бойынша бақылау;
2) Өнеркәсіпті дамыту қорының даму жоспарының әзірленуі мен орындалуын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) Өнеркәсіпті дамыту қоры акцияларын шығару және орналастыру жөніндегі құжаттарды әзірлеу және дайындау процесін үйлестіреді және бақылайды;
4) қарыз алу және пассивтерді басқару саясатының, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқару процесінің орындалуын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
5) Өнеркәсіпті дамыту қорының қызметі мен дамуын стратегиялық жоспарлау, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл мәселелерін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды.