Батыс Қазақстан облысының іскерлік қауымдастығына «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қызметі таныстырылды
Бірыңғай байланыс орталығы 70-77

Батыс Қазақстан облысының іскерлік қауымдастығына «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қызметі таныстырылды

chat-bgov

Кеңес ал!

Батыс Қазақстан облысының іскерлік қауымдастығына «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қызметі таныстырылды

17.04.2025


2025 жылғы 16 сәуірде Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы бойынша «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында өңірдің іскерлік қауымдастығы өкілдерімен кездесу өтті.

Іс-шараға БҚО кәсіпкерлер палатасының өнеркәсіп және индустрияландыру жөніндегі кеңесінің төрағасы Фарид Бахтиозин, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша өңірлік өкілі Марат Жарылқасынов, БҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Нұржан Өтепбаев, сондай-ақ өңірдің өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының бірінші басшылары қатысты.


Кездесу күн тәртібіндегі негізгі тақырыптардың бірі – «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қызметінің таныстырылымы болды. Қордың өңірлік өкілі қаржы институтының өнеркәсіп пен инфрақұрылым секторларын жоспарлы дамытуға бағытталған кешенді жұмысы, қаржыландыру тетіктері мен бағдарламалары туралы қатысушыларды жан-жақты хабардар етті.

Спикер инвестициялық жобалар аясында лизингтік қаржыландыру бойынша сыйақының жеңілдетілген мөлшерлемелеріне және Қор қызметкерлерінің қаржы институтында қаралу үшін қажетті құжаттар пакетін қалыптастыруда көрсететін жан-жақты қолдауына ерекше назар аударды.


Сондай-ақ, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-мен ынтымақтастыққа қызығушылық танытқан әлеуетті қарыз алушылармен алдын ала келіссөздер жүргізілді. Кездесу барысында Марат Жарылқасынов Қор ұсынатын лизингтік қаржыландыру шарттары туралы жан-жақты түсіндіріп берді.

Негізгі іс-шарадан бөлек, Орал қаласында Қордың БҚО бойынша өңірлік өкілі Марат Жарылқасынов пен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Калияр Айтмұхамбетовтің жұмыс кездесуі өтті. Кездесу аясында Қор мен облыс әкімдігі арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды.