Сыртқы аудитор туралы ақпарат
Call-center +7 (7172) 79-63-63

«Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 28 мамырдағы шешіміне сәйкес, 2024-2026 жылдардағы қаржылық есептілік аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйым болып «КПМГ Аудит» ЖШС анықталды. 2024-2026 жылдардағы қаржылық есептілік аудиті қызметтерін ұзақ мерзімді сатып алу туралы 24.06.2024 жылғы №050940001237ЕЕР2406002/00 шарт бойынша (бұдан әрі - Шарт) аудит құнының мөлшері ҚҚС қоса алғанда 477 000, 72 мың теңге сомасында белгіленді.

«КПМГ Аудит» ЖШС 2008 жылдан бастап «ӨДҚ» АҚ қаржылық есептілігінің аудитін жүзеге асырып келеді. Серіктестің «КПМГ Аудит»  ЖШС-нің соңғы ауысымы 2022 жылы болды.

Шартқа сәйкес аудиторлық ұйымның сыйақы мөлшері ҚҚС қоса алғанда есептеледі және аудиторлық қызметтерді көрсетуге байланысты барлық шығыстарды қамтиды: 2024 жыл үшін 135 000,20 мың теңге, 2025 жыл үшін 153 000,23 мың теңге, 2026 жыл үшін 189 000,29 мың теңге құрайды. 

2024-2026 жылдары сыртқы аудитор көрсететін қызметтер тізбесі:

  • «ӨДҚ» АҚ-ның 2024 жылғы 30 маусымда, 2025 жылғы 30 маусымда, 2026 жылғы 30 маусымда аяқталатын кезеңдер үшін № 34 ХБЕС-қа сәйкес дайындалған ISRE 2410-ға аралық қысқартылған жеке қаржылық есептілігіне  шолу жасау;
  •  Барлық маңызды аспектілерде ҚЕХС сәйкес қаржылық есептілікті жасаудың дұрыстығы туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында 2024 жылғы 31 желтоқсандағы, 2025 жылғы 31 желтоқсандағы, 2026 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Тапсырыс берушінің жылдық жеке қаржылық есептілігінің аудиті;
  •  Тапсырыс берушінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы, 2025 жылғы 31 желтоқсандағы, 2026 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп туралы» Қазақстан Республикасының №234-III Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органының нормативтік актісімен бекітілген тізбеге, нысандарға сәйкес дайындалған жылдық жеке қаржылық есептілігінің аудиті (осы тармақ Тапсырыс берушінің талабы бойынша ұсынылады);
  • 2024 жылғы 31 желтоқсандағы, 2025 жылғы 31 желтоқсандағы, 2026 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма отырысының хаттамасымен бекітілген форматта шоғырландыру мақсаттары үшін жасалған жекелеген қаржылық есептіліктің аудиті;
  • Ілеспе қызметтер көрсету. 

Сыртқы аудитор қаржылық есептілік аудитін сатып алу туралы шарт шеңберінде бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізу мәселелері бойынша консультациялар береді, қаржылық есептілік аудитінің нәтижелері бойынша Директорлар кеңесіне, аудит жөніндегі комитетке және «ӨДҚ» АҚ басшылығына презентациялар ұсынып отырады.