Үкімет басшысының айтуынша, Қазақстанда өнеркәсіптің өсуін ынталандыру бойынша қажетті құқықтық және институционалдық негіз бар, оның ішінде шикізаттың жеткілікті көлемімен қамтамасыз ету тетігі мен ұзақ мерзімді шарттардың құралы бар.
Бұдан басқа, өнеркәсіпті дамыту қорының мақсаттары, міндеттері мен функциялары қайта қаралды: оның жұмысы жабдықтар мен техниканы сатып алуды лизингтік қаржыландыруға, сондай-ақ жеңілдікті мөлшерлеме бойынша өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды кредиттеуге шоғырландырылатын болады.