"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ өкілдері Шымкентте өткен «EcoQolday» бағдарламасының Қазақстандағы қайталама шикізатты қайта өңдеуге әсері» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысына қатысты
Бірыңғай байланыс орталығы 70-77

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ өкілдері Шымкентте өткен «EcoQolday» бағдарламасының Қазақстандағы қайталама шикізатты қайта өңдеуге әсері» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысына қатысты

chat-bgov

Кеңес ал!

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ өкілдері Шымкентте өткен «EcoQolday» бағдарламасының Қазақстандағы қайталама шикізатты қайта өңдеуге әсері» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысына қатысты

28.04.2025

2025 жылғы 25 сәуірде Шымкент қаласында «EcoQolday» бағдарламасының Қазақстандағы қайталама шикізатты қайта өңдеуге әсері» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Іс-шараға уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары, даму институттарының өкілдері, бизнес қауымдастығының және салалық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Диалог алаңының негізгі қатысушылары қатарында "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Азат Абайдильдин, Қордың басқарушы директоры Тимур Түлебеков, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, "Жасыл даму" АҚ-ның, "Атамекен" ҰКП-ның өкілдері, сондай-ақ қайталама шикізатты қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың басшылары болды.

Іс-шараның күн тәртібінде "EcoQolday" бағдарламасының тиімділігі мен оның макулатура мен шыныны жинау және қайта өңдеу жүйесін дамытуға ықпалы талқыланды. Қатысушылар бағдарлама шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстың практикалық аспектілерін және қалдықтар айналымының толық циклын "EcoQolday" цифрлық экожүйесіне интеграциялау бойынша ұсыныстарды жан-жақты қарастырды.

Салалық кәсіпорындардың басшылары қайталама шикізатты сұрыптау және қайта өңдеу бойынша арнайы кешендерді салу қажеттілігіне ерекше назар аударды.


"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Азат Абайдильдин бұл бастаманы толық қолдап, Қордың осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті:

– Сіздердің ұсыныстарыңыз өте орынды әрі өзекті деп санаймын. Бұл бастама еліміздің экологиялық күн тәртібімен толық үндеседі. Қалдықтардың көлемі ұлғайған сайын олардың қайта өңделуі мен екінші реттік қолданылуы экология үшін басты шешімдердің бірі болып табылады. Қор ESG қағидаттары аясында "жасыл" жобаларға ерекше көңіл бөледі. Мысалы, біз мақұлдаған жобалардың қатарында Қостанай облысында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және құрылыс қалдықтарын қайта өңдеу, Шымкент қаласында автокөлік шиналарын қайта өңдеу және Қостанай облысында резеңке-техникалық бұйымдарды қайта өңдеу өндірісін жаңғырту жобалары бар. Бұл жобалар қалдықтардың өңірлердегі көлемін азайтуға, табиғатқа теріс әсерін болдырмауға және шикізатты қайта қолдану мен өңдеуді дамытуға бағытталған, – деді Азат Абайдильдин.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу тұжырымдамасының материалдарын әзірлеу және өзектендіру мәселелерін, сондай-ақ ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолданыстағы нормативтік актілеріне өзгерістер енгізу бастамаларын қарастырды. Бұл ұсыныстар салалық кәсіпорындардың жұмысын жеңілдетуге, жүйенің мүмкіндіктерін кеңейтуге және қалдықтарды басқару процесінде ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен қатар, іс-шара барысында "EcoQolday" бағдарламасы шеңберінде қаржыландыру және субсидиялау тетіктерін жетілдіру жолдары талқыланды. Қатысушылар жүйелі қолдау көрсетудің қайталама шикізатты қайта өңдеу көлемін ұлғайтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және айналмалы экономиканы дамытуға ықпал ететінін атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне жолданатын нақты ұсыныстар әзірленді.

Еске сала кетейік, 2024 жылдан бастап Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшу тұжырымдамасы аясында "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігімен және "Жасыл даму" АҚ-мен бірлесіп қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу және кәдеге жарату бағдарламасын іске асыруды бастады.

Айта кету керек, экологиялық ESG күн тәртібі "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ күнделікті қызметіндегі негізгі басымдықтардың бірі болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстың нәтижесі ретінде 2024 жылы Қорға халықаралық рейтинг агенттігі Sustainable Fitch тарапынан "2" деңгейіндегі ESG рейтингі және 63 ұпайлық жалпы балл берілді. Бұл жоғары баға Қордың экологиялық және әлеуметтік саясатындағы ілгері ұстанымдарын растайды.