Аutonesie.kz платформасының алғашқы шығарылым қорытындылары
Call-center +7 (7172) 79-63-63

Аutonesie.kz платформасының алғашқы шығарылым қорытындылары

Аutonesie.kz платформасының алғашқы шығарылым қорытындылары

08.02.2023

Ағымдағы жылдың 6 ақпанында Астана уақыты бойынша 10.00 сағатта «ӨДҚ» АҚ autonesie.kz. сайтында Жеңілдікпен автонесиелеу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бойынша өтінімдер қабылдауға арналған пилоттық платформаны іске қосты. Платформа Бағдарламаны іске асыру барысында ашықтықты қамтамасыз ету және жеңілдікпен автонесие беру кезіндегі фаворитизмге жол бермеу мақсатында әзірленді. Платформаның алғашқы шығарылымының қорытындылары бойынша пулда 19-дан 62 жасқа дейінгі 761 қатысушы тіркелді.

Платформа іске қосылған сәттен бастап autonesie.kz сайтын қараушылардың ең көп саны 31% – Алматы, 22,6% – Астана және 9,3% – Шымкент қалаларында байқалды. Платформаның алғашқы шығарылымына жұмсалған револьверлік қаражат көлемі 7,6 млрд теңгені құрады. Қазіргі таңда 463 қатысушы автосалондарға барып, төлем шоттарын алды. Қатысушылар арасында автокөліктердің ең танымал брендтері Hyundai және Chevrolet болды.

Аймақтар бөлігінде автокөлік төлеміне берілген шоттар:

  • Астана – 175;
  • Алматы – 79;
  • Қостанай обл. – 44;
  • Жетісу обл. – 43;
  • Шымкент – 41;
  • Қарағанды обл. – 20;
  • Шығыс Қазақстан обл. – 13;
  • Ақтөбе обл. – 9;
  • Солтүстік Қазақстан обл. – 7;
  • Жамбыл обл. – 6;
  • Атырау обл. – 5;
  • Павлодар обл. – 5;
  • Ақмола обл. – 4;
  • Абай обл.- 4
  • Маңғыстау обл. – 3;
  • Түркістан обл.-3;
  • Батыс Қазақстан обл. – 2;

 

Жалпы, Бағдарламаға қатысушы банктер («Еуразиялық банк» АҚ, «ЦентрКредит банкі» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ және «ForteBank» АҚ) жалпы сомасы 2 549 млн теңге болатын өтінімдерді қабылдады және мақұлдады.

Платформада өтінім беру сәтінен автокөліктің берілуіне дейін жеңілдікпен автонесие рәсімдеудің жалпы мерзімі күнтізбелік 60 күннен аспайды. Бір банк кепілдік хат беруден бас тартқан жағдайда өтінім берушінің Бағдарламаға қатысушы басқа банкке жүгіну құқығы бар екенін атап өтуге болады.

Жеңілдікпен автонесие берудің Қазақстанда 2015 жылдан бастап жүзеге асып жүргенін еске саламыз. Бүгінгі таңда Бағдарламаны іске асыру шеңберінде жалпы сомасы 281,5 млрд теңгеге 45 325 автокөлік берілді. Оның ішінде «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ желісі бойынша 2022 жылғы мамырдан бастап қазақстандықтарға жалпы сомасы 100 млрд теңгеге 12 626 жеңілдікпен қарызақы берілді. ҚДБ желісі бойынша 2015 жылдан бастап 181,5 млрд теңге сомаға 32 699 қарызақы берілді.

Жеңілдікпен автонесиелеу бағдарламасының ұзақ мерзімді сипатта екенін, бұрын берілген қарызақылар қаражатын қайтару шамасына қарай автонесиелер беру ай сайынғы негізде жүретінін атап өту керек. 

Жеңілдікпен автонесиелеу мәселелері бойынша жедел желі телефоны:

+7 (7172) 796-440

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Баспасөз қызметі

тел.: +7 (7172) 79-63-69

e-mail: pr@idfrk.kz